A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 11:05 0

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізген 39 адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, тексеру барысында өңірдің апат қаупі жоғары жол учаскелерінде бақылау күшейтіліп, барлығы 2577 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Полицейлер мас күйінде көлік басқарған жүргізушілерді ерекше тексерді. Іс-шара барысында 39 мас жүргізуші ұсталып, барлығы көлік басқару құқығынан шеттетілді. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығудың 29 дерегі тіркелді.
Бұдан бөлек, 57 адамда жүргізуші куәлігі болмай немесе көлік басқару құқығынан айырылса да, рөлге отырғаны анықталды.
Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарын елемеу фактілері де жиі кездескен. Атап айтқанда, 1072 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай, 697 адам көлік тізгінінде телефон пайдаланған.
Әртүрлі өрескел заң бұзушылықтар үшін 144 көлік арнайы айып тұрағына қойылып, 104 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив