A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 12:00 0

Қазақстанда «Астана» атауымен жаңа автобус бренді шығарылады

Бүгін / Республика

Қазақстанда жаңа отандық автобус бренді іске қосылып, автокөлік өндірісінің түрлері кеңейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, компанияның басым жобаларының бірі – «Астана» атауымен жаңа автобустарды өндіріске шығару.

Жоба Қытайдағы технологиялық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда. Автобустарды құрастыру кезінде әлемдік жетекші өндірушілердің бөлшектері пайдаланылады. Сонымен қатар көліктің сыртқы келбетін әзірлеуге қазақстандық инженерлер де қатысып, барлық өндіріс процесі еліміздің аумағында ұйымдастырылады, – деді Нұрлан Смағұлов.

Компания басшысының мәліметінше, дизель және газбен жүретін автобустарды сериялық шығару осы жылдың қараша айына жоспарланған.

Бұдан бөлек, BYD компаниясымен бірлесіп жаңа буындағы аккумуляторлық батареялармен жабдықталған электр көліктері әзірленіп жатыр. Ал «Астана» маркалы электр автобустарын конвейерден шығару 2027 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарлануда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив