Қалалық Қоғамдық кеңес отырысында бюджет қаражатын оңтайландыруға байланысты бірқатар шығынды қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Талқылау барысында жасыл желектерді күтіп ұстау, шұңқырларды жөндеу, «DANIEL» сауда үйі маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу, сондай-ақ муралдар салуға бөлінетін қаражатты азайту мәселесі көтерілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, бюджет кірістерін оңтайландыру көлемі 3 миллиард теңгені құрауы мүмкін.
Бұл мәселеге қатысты нақты ақпарат ертең өтетін Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында жарияланады деп күтілуде. Сессия барысында 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралады.
Пікірлер