A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 14:20 0

Өскеменде көлік аударылып, 2 жасөспірім көз жұмды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім мерт болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Қала прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, көлікті кәмелеттік жасқа толмаған бозбала басқарған.

- Алдын ала дерек бойынша ол жеңіл автокөлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автокөлік жол жиегіндегі бөгетке соғылып, аударылып түсіп, кейіннен өртеніп кеткен, - делінген ақпаратта.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте болған екі жасөспірім жолаушы көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив