Облыстағы шалғай елдімекендерде оқушыларды мектепке қауіпсіз тасымалдау - маңызды міндеттердің бірі. Алайда өңірдегі мектеп автобустарының едәуір бөлігі ескірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, бүгінде 126 мектеп автобусы бар. Олар 102 білім беру ұйымындағы оқушыларды тасымалдайды.
2020 жылдан бері автобус паркіне 28 жаңа көлік сатып алынған, оның 12-сі соңғы үш жылда әкелінді.
Алайда әлі 68 мектеп автобусын жаңарту қажет. Бұл көліктер 2000–2015 жылдар аралығында сатып алынған және пайдалану мерзімі нормативтен асып кеткен.
Қазір автобус паркін лизинг тетігі арқылы жаңарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Алдын ала есеп бойынша бұл мақсатқа шамамен 3 миллиард теңге қажет.
Пікірлер