A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:55 0

Өскеменде ер адамды құтқарған екі тұрғын марапатталды

Бүгін / Өскемен

Қалада суға батып бара жатқан ер адамды құтқарған тұрғындарға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде Алғыс хат табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқиға 14 шілде күні қазаншұңқырлардың бірінде болған. Суға батып бара жатқан ер адамды оқиға куәгерлері судан шығарып алған.
Құтқарушылар қатарында Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің студенті Никита Волосенков пен қалалық жағажайға қарама-қарсы орналасқан «Остров» дәмханасының әкімшісі Людмила Цердцвадзе бар.
Сонымен қатар, Марқакөл ауылының 5-сынып оқушысы Әділжан Әгібаев та Алғыс хатпен марапатталды. Ол ашық аумақта қоқыс өртеніп жатқанын байқап, дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Соның арқасында өрттің таралуының алдын алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив