A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 10:10 0

Өскеменде жолақы қымбаттайды: әлеуметтік жеңілдіктер сақтала ма?

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында қоғамдық көліктегі жолақы құнын көтеру жоспарланып отыр. Алайда тарифтің өзгеруіне қарамастан, әлеуметтік санаттағы азаматтарға берілетін жеңілдіктер толық көлемде сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кеше бұл мәселе қалалық Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында қаралған болатын. Жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері тарифті қайта қараудың экономикалық негіздемесін таныстырды.
Кеңес мүшелері қазіргі экономикалық жағдайды, тасымалдаушылар шығындарының артуын ескере отырып, жолақы құнын қайта қарауды қолдады.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес өкілдері тұрғындарға тарифтің өзгеру себептері, жолаушылар тасымалына кететін шығындар жөнінде толық әрі ашық ақпарат берілуі қажет екенін атап өтті.
Жолақы құны өзгергенімен, әлеуметтік қолдау шаралары сақталады. Атап айтқанда, 70 жастан асқан зейнеткерлер жолақының 55 пайызын ғана төлейді. Ал 7 мен 18 жас аралығындағы балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері және Өскемен қаласының құрметті азаматтары қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін сақтайды.
Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы аналар және 80 жастан асқан зейнеткерлер үшін трамвайда тегін жүру құқығы бұрынғыдай жалғасады.
Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлем жасаған жолаушылар үшін жолақы 120 теңге, ал қолма-қол төлейтіндер үшін 200 теңге етіп бекіту ұсынылды. Қазір бұл тарифтер тиісінше 90 және 130 теңгені құрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив