Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген несиелеудің жаңа «Жайлау» бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бағдарлама 300 басқа дейінгі ірі қара мал немесе 1 000 басқа дейінгі ұсақ мал өсіруге арналған жаңа мал шаруашылығы кәсіпорындарын құруды қолдауға бағытталған.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды, ал қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін белгіленген.
Қаржыландыру көлемі:
Бағдарламаға қатысты толық ақпаратты жергілікті Аграрлық несие корпорациясынан немесе Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан алуға болады.
Пікірлер