A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 11:05 0

Шемонаиха ауданының жаңа әкімі туралы ресми ақпарат шықты

Бүгін / Шемонаиха

Ержан Шурманов аудан әкімі болып биыл 8 шілдеде тағайындалғанымен, бұған дейін ресми хабарлама таратылмаған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ержан Шурманов – Шемонаиха ауданына қарасты Волчанка ауылының тумасы. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2003-2004 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы бойынша салық комитетінің бас салық инспекторы болып жұмыс жасады.

2004-2005 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.

2005-2010 жылдары – Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары.

2010-2012 жылдары – Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары.

2012-2015 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.

2015-2018 жылдары – Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2018-2020 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2021-2025 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2025 жылдан бастап – «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

2026 жылғы 8 шілдеден бастап Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды.

Үйленген, 3 баласы бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив