Осы айда қалалық мәслихат депутаттары «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны жұмысымен танысып, қызмет сапасын арттыру жөнінде ұсыныс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атап айтқанда, «Таза Өскемен» қызметкерлерін жұмыс учаскелеріне жеткізу үшін үш қызметтік автокөлік сатып алуға қаржы қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобына қатысты сот процестері аясында кәсіпорынға берілген арнайы техниканы жөндеуге қаражат бөлу мәселесі көтерілді.
Бұдан бөлек, Мәнсап орталығымен бірлесіп жұмыссыз азаматтарды «Таза Өскеменге» жұмысқа тарту, сондай-ақ қаланы көгалдандыру, ағаштарды санитарлық кесу, шөп шабу және аумақ тазалығын сақтау жұмыстарына бақылауды күшейтуге ұсыныс айтты.
Пікірлер