A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:40 0

ШҚО-да түрмеге телефон кіргізбек болған

Бүгін / ШҚО

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №18 мекемесінде сотталғанға тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мекеменің жедел және тәртіп бөлімдерінің қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілерімен бірлесіп, сотталған азаматтың атына келген сәлемдемені тексеру кезінде азық-түлік өнімдерінің арасына жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде Android операциялық жүйесіндегі планшет, көлемі 32 ГБ жад картасы, қуаттау құрылғысы тәркіленді.

- Түзеу мекемелерінің режимдік талаптарын қамтамасыз ету және сотталғандарға тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір сәлемдеме мен жолдау белгіленген тәртіпке сәйкес мұқият тексеріледі. Қызметкерлердің кәсіби қырағылығының арқасында мұндай заңсыз әрекеттер дер кезінде анықталып, жолы кесілуде, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив