Ресми ақпаратпен облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға 8 969 млн теңге бөлінді. 1 шілдедегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 2 356 млн теңге игерілді (8 969 млн. теңгенің 26%).
– Жұмыспен қамтуды қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілерінде субсидияланатын жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту. Төрт бағыт бойынша субсидияланатын жұмыс орындарын құруға 6 864 млн теңге бөлінді, іс жүзінде 1 892 млн теңге игерілді, – деді басқарма басшысы.
Пікірлер