A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:35 0

Өскеменнің сол жағалау бөлігінде жарық өшті

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы бірқатар тұрғын үйде электр қуаты уақытша өшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ақпаратқа сәйкес, сағат 11:00 шамасында Жібек маталар комбинаты қосалқы станциясында апатты өшіру тіркелген. Соның салдарынан Сәтбаев даңғылы, Қазыбек би көшесі, Оралхан Бөкей және Жастар көшелеріндегі кейбір үйлер жарықсыз қалды.
Қазір апаттық бригада электр желісіндегі ақауды анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақау толық анықталғаннан кейін электр қуатын қайта қосу бойынша жұмыстар жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив