Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы «Жігер» балалар сауықтыру лагерінде «Қаржылық қауіпсіздік» квест-ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара «Антарес А» қоғамдық қорының бастамасымен ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, ШҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан «ШҚО өңірлерінде экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы» жобасы аясында өтті.
Квест барысында қатысушылар интерактивті тапсырмалар орындап, өмірлік жағдаяттарды талдап, қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидаларын меңгерді. Банк карталарын қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау, алаяқтық әрекеттерді тану және жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ойын форматы балалардың қызығушылығын арттырып, қаржылық тәуекелдерді тану, қауіпсіз әрекет ету және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын нығайтты.
Пікірлер