A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Бүгін / Республика

22 шілдедегі жағдай бойынша апта ішінде елде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауары бағасының төмендеуі байқалды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бағасы ең көп төмендеген өнім қиярдың бағасы 4,3% арзандады.

Сонымен қатар қырыққабат (1,5%), картоп (1,4%), қызанақ (0,8%), алма (0,7%), пияз (0,4%), сүзбе (0,3%), күріш, қарақұмық жармасы, қатты және жартылай қатты ірімшік, тұз (0,1%) бойынша бағалардың төмендеуі байқалды.

Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан, сүт (пастерленген, ультрапастерленген, 2,2%-дан 6% дейінгі майлылықтағы стерильденген сүт), қаймақ және сары май бағасы өзгеріссіз қалды.

— Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев, Өскемен және Талдықорған қалаларында 0,4%, Ақтөбе қаласында 0,2%, Алматы, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Орал және Түркістан қалаларында 0,1% төмендеді. Астана, Жезқазған, Қарағанды, Петропавл, Семей және Тараз қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды, — делінген статистикалық мәліметте.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы килограмына 502 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді — килограмы 339 теңге.

Тазартылған күріштің орташа республикалық бағасы килограмына 533 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Қызылорда қаласында — 456 теңге және Ақтау қаласында — 472 теңге болды.

Еліміз бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 283 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында тіркелді — килограмы 218 теңге.

Республика бойынша I санаттағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 564 теңгені құрады. Ең төмен бағалар Қызылорда қаласында (464 теңге) және Орал қаласында (471 теңге) байқалды.

Ет өнімдері бойынша республикадағы орташа бағалар: сүйекті сиыр еті — килограмына 3 775 теңге, тауық еті — килограмына 1 758 теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив