A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 14:20 0

ШҚО-да «Жалдамалы пәтер» жедел алдын алу шарасы өтті

Бүгін / ШҚО

Самар және Зайсан аудандарында полиция қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары рейд жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның негізгі мақсаты – тұрғын үйді жалға беру кезінде заң талаптарының сақталуын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға салық заңнамасының талаптарын, жалдау шарттарын дұрыс рәсімдеу және уақытша тұратын азаматтарды тіркеу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар мамандар баспананы жалға берушілерге қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.
– Тұрғындарға үйлерін жалға берген кезде мұқият болу, баспананы күдікті адамдарға бермеу жөнінде ескерту жасалды, – делінген ақпаратта. 
Құқық қорғау органдары мұндай алдын алу шаралары туристік маусымда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау мақсатында жүргізілетінін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив