A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 15:00 0

Алдағы үш күнде аптап ыстық қайта күшейеді

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Атлантикалық циклон еліміздің басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Тек батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қайтадан аптап ыстық болады.

Күндізгі ауа температурасы:

Батыс пен солтүстік-батыста +38…+43°C;

Солтүстікте +30…+35°C;

Орталықта +28…+39°C;

Оңтүстікте +36…+41°C;

Оңтүстік-шығыста +29…+37°C;

Солтүстік-шығыс пен шығыста +23…+32°C болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив