A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 15:45 0

Өскеменде заңсыз алкоголь өндіріп сотталған екі адам рақымшылықтың арқасында жазадан құтылды

Бүгін / Өскемен

Астыртын цехтарға жүргізілген тінту кезінде 26 тонна спирт құрамды сұйықтық, оларды өндіріп, құюға арналған жабдықтар тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұдан бөлек танымал брендтердің атауымен шығарылған ірі көлемдегі заңсыз алкоголь сусындары да табылды. Ресми дерекпен бөліскен облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов заңсыз цехтарда тәулігіне 500-ден 1000 литрге дейін алкоголь өнімі өндіріліп, кейін облыстағы сауда орындары арқылы сатылғанын айтты
Сот шешімімен екі күдікті Қылмыстық кодекстің 233 және 214-баптарына сәйкес кінәлі деп танылды. Оларға 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Алайда «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, сотталған екі адам да негізгі жазасын өтеуден босатылды.
Тимур Мұқановтың айтуынша, арнайы бөлімдер мемлекетке келтірілген залалды өтеу және заңсыз активтерді қайтару бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Мамандар экономикалық құқық бұзушылықтар немесе көлеңкелі экономикаға қатысты ақпарат естісе, азаматтарды уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив