Облыс орталығында «Қарасора-2026» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында заңсыз есірткі айналымының жолы кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел шаралардың нәтижесінде 18 және 19 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікке ілінді.
Күдіктілерді жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар салынған 91 орама тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың құрамынан жалпы салмағы 25,29 грамм мефедрон, 27,21 грамм α-PVP психотроптық заттары және жалпы салмағы 6,24 грамм каннабис шайыры анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы көлемі заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшер болып саналады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Күдіктілердің біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікірлер