Өскемендегі колледж студенттері «ҚР үздік 100 колледж студенті» ұлттық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Байқауға елдің түкпір-түкпірінен 200 студент қатысты. Әр аймақтан 10 қатысушы бақ сынады. Қазылар алқасы қатысушыларды үш тапсырма бойынша бағалады. Біріншісі мотивациялық хат, одан кейін кәсіби дағдылар мен жетістіктер туралы бейнеролик арқылы бағаланды. Соңында таңдаған мамандығы бойынша өз жобаларының презентациясын ұсынып, ұпай жинады.
Ең жоғары меже 100 балл болды. Бағалау кезінде жұмыстың түпнұсқалығы, оның практикалық маңыздылығы, кәсіби бағыттылығы және жасанды интеллектті қоса алғанда, сандық технологияларды пайдалану да ескерілді.
Шығыс Қазақстан облысы атынан шыққан жеңімпаздар:
- Раяна Дадаева, Өскемен жоғары медициналық колледжінің стоматология мамандығы бойынша үшінші курс студенті;
* Арна Арданбекқызы - Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдіснамасы» мамандығы бойынша төртінші курс студенті;
* Рамиз Сапаров - Өскемен жоғары политехникалық колледжінің «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша төртінші курс студенті.
Марапаттау рәсімі 6 қараша күні Астанадағы TANYM көпфункционалды кешенінде ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға диплом мен сыйлытарды Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыстады.
Пікірлер