448.98 502.45 5.45
A+ A A-

Өскеменде оқырмандар арасында ерекше іс-шара өтті

Өскеменде оқырмандар арасында ерекше іс-шара өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

8 қараша күні облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада қазақтың көрнекті ағартушы-педагогі, фольклортанушы әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Мәңгілік өнеге: Алтынсарин әңгімелері» атты оқырмандық перформанс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ағартушының әдеби және ағартушылық мұрасын кеңінен насихаттау, шығармалары арқылы жас ұрпақ бойына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық және білімге деген құштарлық қасиеттерін сіңіру.

Рухани-танымдық жиынға облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7-9-сынып оқушылары белсене қатысты. Кездесу барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасы туралы тың мәліметтермен танысты.

 

– Ұлы ұстаздың тағылымды туындыларының бірі – «Әке мен бала» әңгімесі негізінде сахналық көрініс қойылып, оқушылар шығарма кейіпкерлерінің бейнесін шебер сомдады. Сонымен қатар жас оқырмандар ағартушының өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқып, ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін аша түсті. Іс-шараның танымдық мазмұнын толықтыру мақсатында оқушылар арасында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған қызықты викториналық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты, – деді ұйымдастырушылар. 

Рухани кешке белсене қатысып, мазмұнды өтуіне үлес қосқан оқушылар мен оларды дайындаған ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив