448.98 502.45 5.45
A+ A A-

Республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғалары 9%-ға азайды

Республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғалары 9%-ға азайды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Биыл он айда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 2 618 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға аз, деп хабарлайды Buqara.kz  тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Компания дерегіне сәйкес, былтыр осы кезеңде республикалық жолдарда 2 889 жол-көлік оқиғасы болған. Биыл бұл көрсеткіш 2 618-ге дейін төмендеген.

Осы уақытта жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы керісінше артқан. Республикалық автожолдардағы көлік ағыны 33 пайызға, ал ақылы жолдарда 38 пайызға көбейген.

— Көлік қозғалысы айтарлықтай артқанына қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны азайып отыр. Бұл — жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызды нәтижелерінің бірі, — деді Дархан Иманашев.

Айта кетейік, компания жол қауіпсіздігін арттыру үшін бейнебақылау жүйелерін, электрондық жол белгілерін және жүргізушілерге жедел ақпарат беретін цифрлық құралдарды енгізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив