448.98 502.45 5.45
A+ A A-

ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында «Болашақ ойындары» кубогы өтті

ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында «Болашақ ойындары» кубогы өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Жарысқа 8 команда қатысып, қатысушылар заманауи технологиялар мен спортты ұштастыратын екі кезең бойынша бақ сынасты. Digital Stage бөлімінде VR-платформадағы Tactics ойыны, ал Physical Stage кезеңінде Lasertag тактикалық ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов іс-шараның маңызын атап өтті. Оның сөзінше, мұндай жобалар спорт пен заманауи технологиялардың өзара байланысын көрсетеді.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы бағыттағы маңызды оқиғалардың бірі - биыл Астанада өткен халықаралық «Болашақ ойындары». Бүгін біз Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында алғаш рет «Болашақ ойындарын» өткізіп отырмыз. Бұл - дене белсенділігін, заманауи технологияларды және командалық өзара іс-қимылды біріктіретін жаңа формат. Басты мақсатымыз - жеңімпаздарды анықтау ғана емес, әріптестер арасындағы командалық рухты нығайтып, достық пен өзара қолдауды арттыру, - деді аймақ басшысы.
ШҚО Цифрландыру және архивтер ісі басқармасы цифрландыруды дамыту бөлімінің басшысы Гүлназ Ахметованың айтуынша, жарыс Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. 
- Алдағы уақытта бұл іс-шараны жыл сайын өткізу жоспарда бар. «Болашақ ойындары» - цифрландыруды, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні, спортты біріктіретін ерекше жарыс, - деді ол. 
«Болашақ ойындарының» қатысушылардың бірі, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Нұрболат Өтеев жарыстың мемлекеттік қызметшілер арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
- Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған «Болашақ ойындары» мемлекеттік қызметшілерді бір арнаға тоғыстырып отыр. Мұнда физикалық дайындық пен ақпараттық технологияларды ұштастырып, бар күшімізді саламыз. Жеңіске жетеміз деген үміттеміз, - деді қатысушы.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив