448.98 502.45 5.45
A+ A A-

ШҚО-да сотталғандар арасындағы бопсалау туралы қылмыстық іс тергелді

ШҚО-да сотталғандар арасындағы бопсалау туралы қылмыстық іс тергелді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалау қызметі аясында Бас прокуратура ҚР ІІМ ҚАЖК №22 мекемесінде ақша бопсалау фактісін анықтады. Бұл бойынша қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру арқылы 2025 жылдың шілдесі мен қарашасы аралығында сотталған Ж. басқа сотталған К.-мен бірлесіп, жаңадан келген сотталған М.-нан «қамқорлық» көрсеткені үшін ақша бопсалағаны белгілі болды.

- Арнайы прокурорлар кінәлі тұлғалардың қылмыс жасауға қатыстылығын растайтын жеткілікті дәлелдемелер жиынтығын жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Глубокое аудандық сотының 29 шілдедегі үкімімен сотталушылар Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қолданыстағы жаза мерзімдері арттырыла отырып, бас бостандығынан айыруға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген ресми ақпаратта. 

. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив