A+ A A-

talgatzhan 39 13-11-2024, 11:19 0

ШҚО-да волонтер алаяқтық жолмен ақша жымқырған

Бүгін / ШҚО

Есімі қысқартылған Ш. есімді тұрғын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілер қатарында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол тұрғындар мүлкін жымқыру мақсатында өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырды. Әлеуметтік желілерде жоба бойынша өткізілген іс-шаралардың фотосуреттерін салып, таныстарына мемлекеттік органдарда болып жатқан тексерістер жайлы хабарлаған. Оған қоса алаяқтыққа барып, мемлекеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік төлем алу үшін 10% табыс салығы мен міндетті медициналық сақтандыруды төлеу туралы жалған ақпарат таратқан. Сөзіне сенгендерден ақша алу үшін анасының банктік есепшотын берген.
– Былтыр қараша айында азамат Ш. волонтер ретінде Риддер қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына  барды. Онда көпбалалы анамен танысып, төрт баласына 4 млн 250 мың теңге жәрдемақы алуға болатынын айтып сендірген. Жәбірленуші Ш.-ға банк реквизиттерін, балаларының жеке деректерін беріп, көрсетілген банк шотына 821 230 теңге аударды. Аталған ақшаны азамат Ш. өз қажетіне жұмсаған. Дәл осылай ол азамат К.-ның 34 000 теңге, Ш.-ның 139 430 теңге, Д.-ның 96 250 теңге, А.-ның 106500 теңге, Д.-ның 109 330 теңге, А.-ның  333 800 теңге және Д.-ның 220 768 теңгесін қолды қылған, –  дейді ШҚО сотының баспасөз қызметіндегілер. 
Сот барысында волонтер ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, бірнеше рет) 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Енді ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив