Кездесуде бірнеше өзекті тақырып талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев қала әкіміне аулалардың бірінде жолды жөндеу бойынша міндетін орындамаған мердігер мәселесі мен саяжай кооперативтеріне электр беру желісінің жағдайын шешуді тапсырды. Аулаларды абаттандыруға қатысты "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы туралы айтылды. Сондай-ақ "Bars" клубының басшысы Эльмира Батырбаева демалыс күндері сабақ өткізу үшін мектеп спортзалдарын пайдалану туралы ұсыныс білдірді.
-Тұрғын үй кезегі, "Святлячок" балабақшасының санаторий типіне ауысуы сынды бірқатар әлеуметтік сұрақтар талқыланды. Көптеген мәселені уақтылы шешуге болатындығы қуантады, ал қалғандары үшін нақты мерзім белгіленді, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Фотосурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер