A+ A A-

talgatzhan 38 14-11-2024, 11:20 0

ШҚО-да баласына 10 миллион теңге қарыз алиментші анықталды

Бүгін / ШҚО

Белгілі болғандай, 40 жастағы ер адам 2011 жылдан бастап кәмелетке толмаған баласына  алимент төлемей келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Қарыз сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Көші-қон қызметіне хабарласқан жеке сот орындаушысының қаулысымен алимент өндірушіге сот шешімін орындамағаны үшін іздестіру жарияланып, тәртіп сақшылары борышкердің мекенжайын анықтады. Жақын арада сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады.

Айта кетейік, биыл ШҚО полиция департаменті 35-тен астам алиментшіні анықтады. Бір күнде 5 ұқсас жағдай тіркелген. 

Осы тұста ШҚО ПД көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтару тек қаржылық зардаптарға ған емес, қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Фотосурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив