Тамыз айында уәкілетті орган әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, әйел адамның қаржы пирамидасы туралы жарнама таратқанын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осылайша, ол ӘҚБтК-нің 150-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, ол жарнама таратқаны үшін ешқандай табыс пайда көрмеген.
Сот құқық бұзушыға 387 660 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Пікірлер