Бұл туралы ақпаратпен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, бүгінде Үкімет деңгейінде өзен көлігін дамытуға мән беріліп келеді.
– Марқакөл ауылынан ары қарай 4 шақырым жол салынса, туризм де алға басар еді. Бүгінде Көлік министрлігі Қытайдағы Көлік министрлігімен осы сұрақты қарастыруда. Жүк көліктері болмаса да, автобустар мен жеңіл көліктер өтетін бақылау-өткізу пункті ашылса, бірнеше аудан үшін серпіліс болмақ. Марқа көлінен 110 шақырым ары қарай шекараның ары жағында Қанас көлі бар. Марқа көлінен 10 есе кіші. Сол жаққа жылда 15 мыңдай турист келеді. Егер шекараны ашсақ, солардың біршамасы Шығыс Қазақстан қазынасына қаржы құяр еді. Теміржол бар дедік. Майқапшағай арқылы Тұғылға теміржол тарту мәселесі Үкіметте қаралып жатыр. Мәселен, 100 шақырымға теміржол салынса, көптеген жүк көлігі Қытайдан Тұғылға келеді. Мұз қатпаған кезеңде Бұқтырма су қоймасы және басқа өзен-көлдер арқылы Ресей, одан асып мұхитқа шығуға мүмкіндік бар, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер