"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 15 қарашада облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-батыстан оңтүстік бағытқа жел ұйытқиды. Өңірдің батысында солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жол соғады.
Осы тұста ШҚО ТЖД мамандары көлігіңіз қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, алыс сапарға шықпаған жөн дейді.
-Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге мына заттарды жолға алуды ұсынады: арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім мен азық-түлік. Көлік жүргізушілері жылдамдықты сақтауы керек, ал жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болған жөн, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.
Төтенше жағдайда “112"нөміріне қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер