Биыл Қазақстанда соңғы он жылдағы ең жоғары демографиялық жүктеме тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл әрбір еңбекке жарамды 1 000 азаматқа 748 жұмысқа жарамсыз адам (қарттар мен балалар) келеді.
Ең жоғары демографиялық жүктеме Солтүстік Қазақстан облысында байқалады - 886 адам. Екінші орында Қостанай облысы тұр (826). Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 826, ал Жамбыл облысында 818-ге жетті.
Шығыс Қазақстанда еңбекке жарамсыздар коэффиценті 726-ға тең. Ең төменгі көрсеткіш Алматы (637) мен Астанада (644) тіркелген. Бұл аталған қалалардың миграциялық жүктемесінің жоғары болуымен байланысты.
Айта кетейік, елде жыл басында 65 жастан асқан қарттар мен балалардың жалпы саны 7,6 миллионға жетті. Бұл жалпы халықтың 38 пайызынан асады.
Фотосурет: azh.kz
Пікірлер