ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының екі есепшісіне қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Олар алдын ала келісу арқылы 120 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегілер.
Анықталғандай, есепшілер бес жыл бойы өз шоттарына жоғарылатылған жалақы мен өзге де төлемдерді аударып отырған.
Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр.
Пікірлер