A+ A A-

talgatzhan 41 15-11-2024, 11:20 0

ШҚО тұрғыны 240 келіден астам тірі шаянды заңсыз тасымалдаған

Бүгін / ШҚО

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер Өскемен-Самар тасжолында автокөлік арқылы тиісті құжаттарсыз тасымалданған тірі шаяндар салынған 16 қапты тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
- Күдіктінің Өскеменге жеткізіп, саудалау үшін белгісіз адамдардан 240 келіден астам шаянды сатып алғаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша заңсыз әрекет салдарынан келтірілген залал 1,6 миллион теңгені құрады, - делінген ақпаратта. 
Айта кетейік, «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өңірдің экологиялық теңгерімін қорғауға және оның табиғи мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталғанын ескертеді. Осы ретте ШҚО ПД қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив