Президент тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына салынған көпірді алаяқтар өз пайдаларына қолдана бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы күндері облыс тұрғындарының телефонына Бұқтырма су қоймасындағы көпірмен жүріп өткені үшін ақы төлеуі қажеттігі жайлы СМС-хабарламалар келе бастаған. Онда сол туралы толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі сілтемеге өту қажеттігі жазылған.
Расыменде көпір ақылы болып кетті ме, әлде бұл алаяқтардың кезекті амалы ма? Бұл сауалға ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Жұмаділов жауап берді.
-Көпірмен жүру көліктің барлық түрі үшін тегін. Мұндай хабарламаларды алаяқтар жіберіп жатыр. Азаматтарды мән бермеуге және күдікті сілтемелерге өтпеуге шақырамыз, - деді ол.
Пікірлер