A+ A A-

talgatzhan 50 15-11-2024, 14:58 0

ШҚО-да Құрмет грамотасын кімдер ала алады?

Бүгін / ШҚО

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVIII сессиясы барысында Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, аталған марапат экономика, ғылым, әскери және мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және қоғамдық-саяси қызмет пен әлеуметтік салада елеулі жетістікке жеткені үшін беріледі. Оны облысқа сіңірген еңбегі бар азаматтар, мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың қызметкерлері, меншік нысанына қарамастан шаруашалық жүргізу субъектілерінің ұжымдары, шығармашылық ұжымдар мен шетел азаматтары ала алады. 
Құрмет грамотасын облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге де адамдар салтанатты жағдайда тапсырады. 
Айта кетейік, бір адам (ұжым, ұйым) бес жылдың ішінде облыстың Құрмет грамотасымен наградтауға екі рет ұсыныла алмайды. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив