A+ A A-

talgatzhan 31 15-11-2024, 15:30 0

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

Бүгін / ШҚО

«Қазселденқорғау» облыстық филиалының ақпаратынша 15-18 қараша аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл қолайсыз метеожағдай, қатты жауын-шашын, желдің күшеюі және қар жамылғысының тұрақсыздығымен байланысты.
Осы ретте, ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар автокөлік жолдарына қауіп төндіруі мүмкін. Жедел қызметті шақыру үшін “112” бірыңғай нөміріне хабарласыңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив