Бір мезгілде Өскемен мен Ұлан ауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі үйден 2 газ баллоны шығарылып, жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрайтын өрт сөндірілді.
Ал Қасым Қайсенов кентінде 80 шаршы метр алаңдағы үйдің шатыры отқа оранды. Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюға кенес берді.
Пікірлер