2021 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыс қаупі жоғары орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған «Дабыл түймесі» аппараттық-бағдарламалық кешені жобасын іске қосты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түймені басқанда Өскемен қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкері бірден байланысқа шығады. Жүйе аудио және бейне жазбаларды да түсіре алады. Қазір қалада мұндай құрылғының бесеуі орнатылды:
1. Қабанбай батыр көшесі;
2. Теміржолшылар көшесі;
3. Абай даңғылы;
4. Виноградов пен Грузинская көшелерінің қиылысы;
5. Н.Назарбаев даңғылы.
Пікірлер