ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың ақпаратынша, өңірде биыл 3 орман өрті (1,1 гектар аумақ) мен 30 дала өрті (228 гектар аумақ) шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, найзағайдың түсуі (11 оқиға), күн сәулесінің шыны арқылы сынуынан тұтануы (1 оқиға) мен тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы (1 оқиға) өрт фактілерінің негізігі себебіне жатады.
- Өрттің алдын алу және бақылау мақсатында өңірде азаматтық қорғаныс, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған 52 мобильді топ жұмыс істеді. Бұл топтар 1 618 рейд өткізіп, 61 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді Нұржан Өміржанов.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және шаруа қожалықтарының өкілдерімен 325 дөңгелек үстел, тұрғындармен 476 кездесу өткізілді. 4 066 нұсқаулық беріліп, 11 ақпараттық баннер орнатылды.
- Маусым және қазан айлары өрт пайда болу қаупі жоғары кезең болып есептелді. Маусым айында орман өртінің саны көп болса, қазанда шөптің өртену оқиғасы108-ге жетті, - деді басқарма бастығы.
Пікірлер