A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 12:00 0

Қазақстанда жаңа апта жайлы ауа райымен басталады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМҚ 22–24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, жаңа аптаның басында Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жауады деп болжанады. Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив