A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:10 0

Өскеменнің Сол жағалауында ыстық су бес күнге өшіріледі

Бүгін / Өскемен

21-26 қыркүйек аралығында ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Шектеу жаңа жылу желілерін қолданыстағы коммуникацияларға қосуға байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Шығыс Жылу» АҚ мәліметінше, көлік айрығын салу жұмыстарына байланысты жаңа жылу желілері тартылған. Енді оларды қолданыстағы коммуникацияларға қосу қажет.
Ыстық су беру 21 қыркүйек сағат 08:00-ден 26 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін тоқтатылады.
Осы кезеңде көпқабатты үйлер мен жеке сектор тұрғындары, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен ұйымдар ыстық сусыз қалады. Ыстық су өшірілетін мекенжайлардың толық тізімін Instagram желісіндегі @ukts_info парақшасынан көруге болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив