A+ A A-

talgatzhan 29 18-11-2024, 11:55 0

ШҚО-да мал ұрлығы фактілері тексеріліп жатыр

Бүгін / ШҚО

Облыс аумағында бүгін «Мал ұрлығы» республикалық жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО полиция департаменті өкілдерінің ақпаратынша, аталған шара мал ұрлығының алдын алу, анықтау және барымтаға қатысы бар тұрғындарды ұстап, жауапкершілікке тартуға бағытталған. 
Сондай-ақ аумақтық ветеринариялық бақылау бөлімшелерінің мамандары шақырылып, тиісті құжаттардың барын анықтау үшін мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексермек.
Жедел алдын алу шарасы қараша айының 20-на дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив