Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері пешті дұрыс жақпау салдары қандай келеңсіздікке әкелетінін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сенсек, жыл басталғалы облыс аумағында көміртегі тотығымен уланудан, яғни ыс тиюден 14 адам зардап шекті.
Құтқарушылар мұның бірнеше себебі бар дегенді алға тартты. Ең алдымен бөлмеде түтіннің пайда болса, пеш дұрыс тартпай жатқанын білдіреді деді. Содан көміртек тотығының ену қаупі бар екенін жеткізді.
– Пештегі жарықтар да біршама қауіпті. Кішкентай жарықшақтың өзі біршама зиян келтіреді. Ені небәрі 2 мм болатын саңылау арқылы бір сағат ішінде қауіпті газдың өлімге әкелетін мөлшері бөлмеге өтуі ғажап емес, – делінген ШҚО ТЖД мәліметінде.
Сол үшін де мұржаның уақтылы тазаланып тұруы орынды. Мамандар сөзінше, қабырғалардағы күйе – жай кір емес. Ол тұтанғыш материал, оңай өртенуі мүмкін.
– Пеш жаққанда бірнәрсе дұрыс істеместігін байқасаңыздар, бірден тоқтатыңыз. Жөндеу жүргізу үшін сертификатталған маман шақырыңыз. Көміртек тотығы (иіс газы) датчигін орнатыңыз, – делінген ақпаратта.
Фото: ШҚО ТЖД
Пікірлер