Қазір көпірді қайта жаңғыртуға дайындық пен инженерлік желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған көпірдің толық реконструкциядан өткізу жоспарланған. Қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ақпаратынша, жобаға сәйкес көпірді алты жолаққа дейін кеңейту көзделген. Әр бағытта үш жолақтан болады деп жоспарланған. Жолақ ені – 3,5-тен 4 метрге дейін. Екі жағында да жаяу жүргіншілер жолы болады.
Осы жылдың жазында көпір астындағы аумақты қоршап, төсем тастарын алу мен жер қазу жұмыстары жүргізілді. Аумақ әлі де қолжетімді емес.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жоба республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді. Биыл жобаны аяқтау үшін қажетті қаржыландыру қарастырылмаған. Сол себепті жоба келесі жылға өтеді.
– Көпірді қайта жаңғырту қажетті қаржыландыру өз лимитіне жеткен соң аяқталады. Қауіпсіздік мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанша көпір көлік қозғалысы үшін ашылмайды, – деді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.
Фотосурет: yk.news.kz
Пікірлер