Қаладағы Ана мен бала орталығының перзентхана бөлімінде үш егіз дүниеге келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы Ана мен бала орталығы өздерінің Instagram парақшасында жариялады. Жазба осыдан 3 күн бұрын шыққан.
– Дәрігер, акушер, неонатолог, медбике және бүкіл пертзентхана қызметкері нәрестелердің аман-есен дүниеге келуіне барын салды. Ақ халаттылардың кәсібилігі мен қамқорлық ұштасып, алты бала дүниеге келді. Аналар мен балалардың жағдайы жақсы, – деді орталық қызметкерлері.
Пікірлер