A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 10:10 0

Өскеменде жарнама үшін көлікте оқыс әрекет жасаған тұрғын жазаланды

Бүгін / Өскемен

Тәртіп сақшылары көшелердің бірінде көлікпен қауіпті қадам жасаған тұрғынды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кеше түнде болған оқиға. Дүкенге арналған жарнамалық бейнеролик түсіру кезінде көпшілік назарын аударып, әсерлі кадр жасағысы келген жолаушы көліктен басын шығарған. Полиция оларды жедел анықтап, әрекеттеріне құқықтық баға берді.
– Көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қозғалыс кезінде көліктен басын шығарған жолаушыға да әкімшілік шара қолданылды, – делінген ШҚО ПД ақпаратында.

Фото: Kazinform

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив