2009 жылдан бері 17 қараша шала туған нәрестелер күні ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде биыл барлығы 6285 бала дүниеге келсе, оның 322-сі шала туған. Оған қоса, 27-ден астамының салмағы өте төмен – 500-ден 999 грамға дейін. Мерзімінен ерте туған сәбилермен Өскемендегі «Ана мен бала» орталығында орналасқан неонаталдық қызмет жұмыс істейді.
Көбінесе шала туған шақалақтар өздігінен тыныстамайды және дене температурасын сақтай алмайды. Оларды инкубаторға жатқызып, қажетті жағдай жасалады.
– «Ана мен бала» орталығы жансақтау бөлімінің қолдауымен өкпені жасанды желдету аппараттарымен, жылытылатын үстелдермен жабдықталған, – дейді ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Мадина Мырзабекова.
Осы ретте дәрігерлер болашақ аналарға жүктілікті жоспарлап, денсаулығына мұқият болуды ұсынады.
Пікірлер