A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:05 0

Өскеменде жол апатына түскен екі адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін / Өскемен

Жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйек күні сағат 16:35 шамасында Потанин көшесінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus RX 330 көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шыққанда, басты жолмен келе жатқан ВАЗ-21144 көлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ-21144 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lexus жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқиға бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив