Марқакөл ауданына қарасты Қалжыр ауылындағы орта мектепте бастапқы әскери дайындық кабинеті ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа кабинетке Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің есімі берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ғарышкердің өзі қатысты.
Заманауи оқу құралдары мен алғашқы әскери дайындыққа қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген кабинетте оқушылар теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларын да жетілдіре алады. Сонымен бірге мұнда Қазақстанның Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен ғарыш саласындағы жетістіктері туралы мәліметтермен танысуға мүмкіндік бар.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын орындау аясында ауыл балаларына қала мектептеріндегі оқушылармен тең дәрежеде жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы бастаманың бір көрінісі ретінде Қалжыр ауылында бұл кабинет ашылды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Кездесу барысында Тоқтар Әубәкіров оқушылар алдында сөз сөйлеп, білімнің маңыздылығына тоқталды. Ол жастарды заман талабына сай болуға, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге және өздерін үнемі жетілдіріп отыруға шақырды.
Пікірлер