A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:10 0

Марқакөлде жаңа спорт нысаны ашылды

Бүгін / Марқакол

Қалжыр ауылында жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаңа ғимараттың жалпы аумағы – 850 шаршы метр. Мұнда бес жаттықтырушы жұмыс істейтін болады. Спорт нысаны ауыл балаларының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді.
– Балаларымыз осы жаңа спорт кешенінде тұрақты жаттығып, республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жетеді деп сенеміз. Жан-жақты жағдай жасау арқылы ғана өскелең ұрпақтың жарқын жеңісіне куә боламыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Қалжыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жұмысымен де танысты. Медициналық мекеме 1145 ауыл тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық, амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетеді. Мұнда екі төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Ауылдағы медициналық қызмет көрсету жүйесіне «Қазақстан», «Жаңауыл» және «Тақыр» медициналық орталықтары кіреді. Жалпы мұнда 12 медицина қызметкері еңбек етеді. Жыл басталғалы ауылда жеті сәби дүниеге келген. Осы кезеңде ана мен бала өлімі тіркелмеген. Қазір медициналық мекемеге 230-дан астам тұрғын тіркелген. Науқастарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ұлттық фармацевтикалық саясат аясында республикалық бюджет есебінен 150-ге дейін дәрі-дәрмек тегін беріледі.
Нұрымбет Сақтағанов медициналық қызметтердің тұрғындар үшін қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету маңызына тоқталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив